Accessibility links

Шетпеде жұмысшылар наразылық білдірді


Наразылық танытқан жұмысшылар бірнеше айдан бері еңбекақы алмағандарын айтады. Шетпе ауылы, Маңғыстау облысы. 11 тамыз 2014 жыл.

Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданының орталығы Шетпе ауылында бүгін "Каспий Цемент" кәсіпорнының мердігері «BA Global Logistics» компаниясының ондаған жұмысшысы еңбекақы төлеуді талап етіп, жергілікті әкімдік алдына жиналды.

Азаттық тілшісінің хабарлауынша, жұмысшылар екі ай бойы еңбекақы алмағандарын, еңбек келісім-шарты жасалмағанын, өздеріне зейнетақы қорына төлем жасалмайтындығын айтып, талаптарын прокуратура және әкімдікке жеткізген.

Наразы жұмысшылардың сөзінше, кәсіпорынның бас мердігері BI Global Logistics компаниясының өкілі олармен кездесуге Алматыдан келе жатыр. Прокуратура мен әкімдік қызметкерлері жұмысшылармен компания өкілі келген соң сөйлесетіндерін айтқан.

  • 16x9 Image

    Сәния ТОЙКЕН

    Сәния Тойкен Азаттық радиосында 2007 жылдан бері жұмыс істейді. ҚазҰУ-дің журналистика факультетін бітірген. Республикалық  "Қазақстан пионері", "Жас Алаш" газеттерінде тілші болған. Қазақстан Республикасы Жекешелендіру жөніндегі комитетінің баспасөз хатшысы қызметін атқарған. Атырау облыстық "Ақ Жайық" газетінде  тілші, қазақ редакциясының редакторы, Маңғыстау облысында шығатын "Не хабар?!" апталығының редакторы болып жұмыс істеген. 

    Сәния Тойкен 2017 жылы журналист әйелдердің халықаралық қоры (IWMF) тағайындаған "Журналистикадағы батылдығы үшін" сыйлығын иеленді. Ол - бұл беделді сыйлықты алған алғашқы қазақстандық журналист.

XS
SM
MD
LG