Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Беларусь президенті Александр Лукашенкомен телефон арқылы сөйлесті деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Президенттер Украинадағы ахуалды, Еуразия экономикалық одағына (ЕАЭО) мүше үш ел мен Киевтің кездесу өткізу мүмкіндіктерін талқылаған.
Екі ел ынтымақтастығы мәселелерін де сөз еткен президенттер бұған қоса ЕАЭО-ны дамыту жайын, ЕАЭО туралы шартты ратификациялауды, бұл одаққа Қырғызстан мен Арменияның қосылуы жөнінде әңгімелескен.