Accessibility links

Шетпеде жұмысшыларға жалақы төлей бастады


Бірнеше айдан бері жалақы алмаған битум зауытының жұмысшылары наразылыққа шығып тұр. Шетпе ауылы, Маңғыстау облысы. 11 тамыз 2014 жыл.
Бірнеше айдан бері жалақы алмаған битум зауытының жұмысшылары наразылыққа шығып тұр. Шетпе ауылы, Маңғыстау облысы. 11 тамыз 2014 жыл.

Бүгін Маңғыстау облысындағы «Каспий цемент» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің мердігері «BA Global Logistics» компаниясы Шетпеде жұмысшыларына екі ай төленбей келген еңбекақыны бере бастады. Бұл туралы Азаттыққа жұмысшылардың бірі Рысбек Бақтыбаев хабарлады.

«Бізге шыққан ақша 64 мың теңге екенін естідік. Еңбегімізге тұрмайды. Еңбекақыны көбейтуді талап етіп тағы арызданамыз» деді ол.

Бұған дейін «BA Global Logistics» жұмысшылары екі ай бойы жалақы төлемей отырған компаниядағы еңбек жағдайының нашарлығына шағым айтып, 11 тамыз күні Маңғыстау ауданы әкімдігі алдына жиналған. Сол күні түстен кейін аудан әкімдігі ғимаратында жұмысшыларға жолыққан «BA Global Logistics» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өкілі Антон Тушканов компания сейсенбі күні жұмысшыларға жалақы төлейді деп уәде еткен.

Ол компаниядағы еңбек қатынасы, еңбек келісім-шартының жасалмағаны, жалақыдан зейнетақы қорына ақша аударылмайтыны туралы жұмысшылардың шағымын жоққа шығарды.

XS
SM
MD
LG