Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев бүгін қорғаныс министрі Серік Ахметовпен кездесті.
Президент баспасөз қызметінің хабарлауынша, Ахметов президентке қарулы күштердің ұдайы әскери дайындықта тұруына қатысты, армияны заманауи қару-жарақ және әскери техникамен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізіліп жатқанын айтқан.
Назарбаев елдің қорғаныс өнеркәсібі кешенін дамытудың маңыздылығын және халықаралық алдыңғы қатарлы өндірушілермен әскери-техинкалық ынтымақтастықты нығайту қажеттігін білдірген.
Кездесу соңында Назарбаев қорғаныс министріне бірнеше тапсырмалар берген.