Accessibility links

АҚШ-та Қазақстан азаматы қамалды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

АҚШ-тың Флорида штатында Қазақстан азаматы Әсия Кушенова "қожайынының келісімінсіз оның үйінде тұрған", "аяғы ауыр әйелге соқтыққан" және "миграциялық заңнамаларды бұзған" деген айыптармен қамауға алынғаны туралы қазақстандық агенттіктер хабарлады.

Қазақстан сыртқы істер министрлігінің (СІМ) ақпараты бойынша, Әсия Кушенова 5 тамыз күні тұтқындалған, қазір ол Leon County Jai түрмесінде отыр. Кушеноваға мемлекеттік қорғаушы тағайындалған.

Қазақстандық азаматтың үстінен өтетін сот тыңдауы 26 тамызға белгіленген. СІМ Кушенованың мәселесін бақылауда ұстап отыратынын және оған консулдық, құқықтық көмек көрсететінін айтады.

XS
SM
MD
LG