Accessibility links

Назарбаев пен Путин Украина жайында сөйлесті


Қазақстан мен Ресей президенттері Нұрсұлтан назарбаев (оң жақта) пен Владимир Путин. Мәскеу, 5 наурыз 2014 жыл.
Қазақстан мен Ресей президенттері Нұрсұлтан назарбаев (оң жақта) пен Владимир Путин. Мәскеу, 5 наурыз 2014 жыл.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ресей президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті. Ақорданың хабарлауынша, президенттер Қазақстан мен Ресей арасындағы екіжақты байланыстың кейбір мәселелерін талқылаған.

Сонымен бірге, батыс елдерінің Ресейге қарсы санкциялары және Мәскеудің оған жауап шаралары және олардың ықтимал салдарлары әңгімеге арқау болған.

Назарбаев пен Путин бұған қоса Украинаның оңтүстік-шығысындағы жағдай туралы да пікір алмасып, Кеден Одағына (КО) мүше елдер мен Украина президенттерінің тамыздың жиырмасынан кейін кездесу мүмкіндігін нақтылаған.

Путин Назарбаевқа Сочиде Әзербайжан және Армения президенттерімен кездесуінің қорытындысы туралы айтқан. Путиннің сөзінше, Баку мен Ереван Таулы Қарабақ мәселесі бойынша кейбір қайшылықтарды талқылаған.

XS
SM
MD
LG