Accessibility links

Малики: Отставкаға тек сот шешімімен ғана кетем


Ирак премьер-министрі міндетін атқарушы Нури әл-Малики.
Ирак премьер-министрі міндетін атқарушы Нури әл-Малики.

Ирак премьер-министрі міндетін атқарушы Нури әл-Малики өзін отставкаға кетуге тек федералдық сот шешімі ғана мәжбүрлеуі мүмкін екенін мәлімдеді.

11 тамыз күні Ирак президенті Фуад Масум шиит саясаткері Хайдар әл-Абадиге жаңа үкімет құрамын жасақтауды тапсырған. Маликидің айтуынша, Абадидің тағайындалуы "конституцияны бұзу" болып саналады және оның "заңды күші жоқ". Телеарнадан сөйлеген сөзінде ол "Үкімет жұмысын жалғастыра береді және ол тек сот шешімімен ғана қайта жасақталады" деді.

Нури әл-Малики премьер-министр қызметін 2006 жылдан бері атқарып келеді. Көпшілік жұрт Маликиді Ирактың исламшыл содырлармен күресінде діни алауыздық тудырды деп айыптайды. Малики сүнниттердің, күрдтер мен шиит жақтастарының отставкаға кету туралы ұсыныстарын қабылдамай отыр.

XS
SM
MD
LG