Бразилия президенттігіне кандидат Эдуардо Кампос Сантос қаласындағы аудандардың бірінде әуе апатынан қаза тапты. Социалист саясаткер отырған жеке меншік ұшақ қаладағы тұрғын үй кварталдарының біріндегі гимназияның үстіне құлаған. Ұшақтың не себепті апатқа ұшырағаны белгісіз.
Бразилия президенті Дилма Русеф елде үш күндік аза тұту жариялап, өзінің сайлауалды кампаниясын тоқтатып қойды. "Біз бүгін Бразилияның ұлы тұлғасы, тамаша серігіміз Эдуардо Кампостан айырылдық" деді Русеф.
Бразилияда кезекті президент сайлауы қазанның 5-іне белгіленген еді.