Астана қалалық сотының кассациялық алқасы бүгін статистика агенттігінің бұрынғы басшысы Анар Мешімбаеваның үкімін күшінде қалдырды деп хабарлайды "Қазақстан жаңалықтары" агенттігі.
Қалалық сот төрағасы Тілектес Бәрпібаев Астананың Есіл аудандық №2 сотының үкімі мен қалалық соттың апелляциялық алқасының үкімге қатысты шешімін күшінде қалдырған.
14 ақпан күні Астананың Есіл аудандық соты Анар Мешімбаеваны 7 жылға бас еркіндігінен айыру туралы үкім шығарған. Ол 2009 жылы жүргізілген ұлттық халық санағы кезінде "бюджеттің 700 миллион теңгеден көп қаржысын жымқырғаны және қызмет өкілетін асыра пайдаланып, мемлекетке 3 миллион теңгеден астам зиян келтіргені" үшін айыпты деп танылған.
Сәуір айында апелляциялық сот Мешімбаеваның шағымын қанағаттандырмай, үкімді өзгеріссіз қалдырға еді.