Ирак премьер-миинстрінің міндетін атқарушы Нури әл-Малики үшінші мерзімге сайлану ниетінен бас тартып, үкімет басшысы қызметіне Хайдар әл-Абадидің кандидатурасын қолдайтынын мәлімдеді.
Телеарнадан сөйлеген Малики премьерлікке Абадиді қолдап, өз кандидатурасын алып тастайтынын жариялады. Соңғы уақытқа дейін ол өзін отставкаға кетуге мәжбүрлеген елдің ішіндегі және халықаралық қауымдастықтың қысымына төтеп келген.
Абадидің кандидатурасын 11 тамыз күні Ирак президенті Фуад Масум ұсынған. Малики сол кезде президенттің шешімін "мәні жоқ және заңсыз" деп атап, сотқа жүгінетінін мәлімдеген.
Маликидің отставкаға кетуін Ирак сүнниттері, күрдтер мен шииттер де, оның ішінде өзі басқаратын "Дава" партиясы да талап еткен. Малики Ирак үкіметін 2006 жылдан бері басқарды.