Accessibility links

Астанада қоғамдық көлікте жолақы қымбаттайды


Астанада аялдамада тұрған автобус. (Көрнекі сурет)
Астанада аялдамада тұрған автобус. (Көрнекі сурет)

Астанада қоғамдық көлікте жүру ақысы 31 тамыздан бастап қымбаттайды. Қалалық әкімдіктің ресми сайтындағы ақпаратта енді жолақы құны ересектер үшін 90 теңге, ал жеті жастан 15 жасқа дейінгі балалар үшін 40 теңге болатыны айтылған.

Осы аптаның басында қалалық мәслихат депутаттары қала ішіндегі жолаушы тасымалдау маршруттарында жолақыны қымбаттатуға келісім берген. Көктемде ұйымдастырылған қоғамдық тыңдау кезінде жолаушы тасымалдаумен айналысатын компаниялар жолақы құнын 100 теңгеге дейін қымбаттатуды ұсынған еді.

Қазір қаладағы қоғамдық көлікте жолақы 60-65 теңгені құрайды.

Соңғы айларда Қазақстанның бірнеше қаласында қоғамдық көлікте жүру бағасы қымбаттаған. Тасымалдаушы компаниялар жолақының қымбаттауын жанармай мен басқа да қажетті заттар бағасының өсуімен түсіндіреді.

XS
SM
MD
LG