Accessibility links

«ДХР» Ресейден «қосымша күш» алғанын айтады


Өзін өзі жариялаған «Донецк халық республикасының» жетекшісі Александр Захарченко.
Өзін өзі жариялаған «Донецк халық республикасының» жетекшісі Александр Захарченко.

Өзін өзі жариялаған «Донецк халық республикасының» жаңа басшысы Александр Захарченко сепаратистерге Ресейден қосымша күш келгені туралы айтқан. Оның сөзінше, Ресей жерінде «төрт айлық дайындықтан өткен» 1200 адам Украинаның шығысында үкімет әскеріне қарулы қарсылық көрсетіп жатқандарға қосылған.

Ресейлік «Эхо Москвы» радиосы сепаратистерге 30 танк пен 120 броньді машина жеткізілгені туралы хабарлады. Бірақ әзірше оны растайтын өзгедей деректер жоқ.

Жұма күні Ресей қорғаныс министрлігі «Украина артиллериясы елдің шығысында ресейлік әскери колоннаның бір бөлігін жойғаны» жайлы Киевтің хабарын жоққа шығарған еді. «Ресей-Украина шекарасынан өтіпті дейтіндей ешқандай әскери колонна болған емес» деп мәлімдеген «Интерфакс» агенттігіне Ресей әскери мекемесінің өкілі Игорь Конашенков.

Оның алдында Украина президенті Петр Порошенко телефон арқылы әңгімеде Ұлыбритания премьер-министрі Дэвид Кэмеронға жұмаға қараған түні Луганск облысы аумағына келген ресейлік әскери техниканың бір бөлігі жойылғанын хабарлағаны жайлы ақпарат тараған еді. Бұл хабарды Украина ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесінің өкілі Андрей Лысенко да растаған.

XS
SM
MD
LG