Accessibility links

Нанкинде Бауыржан Жауынтаев чемпион атанды


Қазақстандық Бауыржан Жауынтаев (оң жақта) Нанкиндегі жасөспірімдер арасындағы ІІ жазғы олимпиада ойындарында. 17 тамыз 2014 жыл.

Жексенбі күні Қытайдың Нанкин қаласында жасөспірімдер арасындағы ІІ жазғы олимпиада ойындарында Қазақстан спортшылары алғашқы алтын жүлдеге ие болды деп хабарлайды Азаттық тілшісі.

Дзюдо күресінен 55 келі салмақта өткен финалдық белдесуде қазақстандық Бауыржан Жауынтаев әзербайжандық балуан Натиг Гурбанлиді жеңіп, жасөспірімдер арасындағы олимпиада чемпионы атанды.

Рейтингіне байланысты бұл жарысты бірден жартылай финалдан бастаған 17 жастағы Бауыржан Жауынтаев бүгін бұның алдындағы белдесуде түркиялық Огузан Караканы ұтып финалға шыққан еді.

Сенбі күні басталған Нанкиндегі ІІ жасөспірімдер олимпиадасына Қазақстаннан 51 спортшы қатысып жатыр. Олар 17 спорт түрінен сайысқа түседі. Нанкиндегі ойындар 28 тамызға дейін жалғасады.

  • 16x9 Image

    Руслан МЕДЕЛБЕК

    Азаттықтың Прагадағы тілшісі. Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетін "Халықаралық журналистика" мамандығы бойынша тәмамдаған.

    Халықаралық спорт журналистері қауымдастығы мен Халықаралық олимпиада комитетінің репортері. Сочи, Рио, Пхенчхан олимпиада ойындарынан тікелей хабар таратты.

    Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуге болады.

AzattyqTV

Белсенді Дулат Ағаділді ақтық сапарға шығарып салды
please wait

No media source currently available

0:00 0:03:15 0:00
XS
SM
MD
LG