Accessibility links

Солтүстік Осетияда наиб-мүфтиді өлтіріп кетті


Владикавказ қаласындағы мешіттердің бірі. (Көрнекі сурет)
Владикавказ қаласындағы мешіттердің бірі. (Көрнекі сурет)

Ресейдің Солтүстік Осетия аймағында құқық органдары мұсылман дінбасын өлтірген адамды іздестіріп жатыр.

Сенбі күні кешкісін белгісіз біреу Владикавказ қаласындағы мешіттің имамы, Солтүстік Осетия аймағы мүфтиінің орынбасары Расул Ғамзатовты өлтіріп кеткен еді. «Интерфакс» агенттігінің хабарлауынша, имам өз үйінің жанында, көліктен түсіп жатқан кезде оққа ұшқан.

Ғамзатовқа дейін мүфти орынбасары болған Ибрагим Дударов та 2012 жылы желтоқсанда кісі қолынан мерт болған еді. Оны өлтіргендер әлі күнге дейін табылған жоқ.

36 жастағы Расул Ғамзатовтың артында алты баласы қалған.

XS
SM
MD
LG