Accessibility links

Қырғызстанда жанармай бағасы қымбаттады


Қырғызстандағы жанармай құю станцияларының бірі. (Көрнекі сурет)
Қырғызстандағы жанармай құю станцияларының бірі. (Көрнекі сурет)

Қырғызстанда жанармай бағасы 1.6 пайызға қымбаттады деп хабарлайды Азаттықтың Қырғыз қызметі.

Мұнай өнімдерін тасымалдаушылар кәсіподағының директоры Улан Куловтың Азаттыққа айтуынша, халық көп тұтынатын АИ-92 маркалы бензин бағасы 70 тиынға қымбаттап, 44 сом 40 тиын болып белгіленген. Ал елдің оңтүстігінде бензиннің осы маркасының бағасы 46 сом 80 тиынға жеткен.

Кәсіподақтың мәліметі бойынша, жанармай бағасы жыл басынан бері 11 пайызға (4 сом 30 тиын) қымбаттаған. Тамызда баға тағы 3-7 пайызға қымбаттауы мүмкін деген болжам бар.

Сарапшылар жанармай бағасының қымбаттауына Ресейдегі Ачинск мұнай өңдеу зауытында болған жарылыс, Қазақстанның Ресейден Қырғызстанға жөнелтілген 500-ге жуық вагонды шекарадан өткізбей тұруы және елде бензинге салынған акциздік салықтың көбеюі себеп дейді.

XS
SM
MD
LG