Accessibility links

Украина армиясы Горловка қаласын қоршады


Украина армиясы қоршауға алған Горловка қаласы. 29 шілде 2014 жыл.
Украина армиясы қоршауға алған Горловка қаласы. 29 шілде 2014 жыл.

Украин әскері Донецк облысында Горловка қаласын қоршауға алды деп хабарлады "Ақпараттық қарсылық" орталығының жетекшісі Дмитрий Тымчук Facebook-тегі парақшасында.

Үкімет күштері Горловканы қоршау операциясын шілденің соңында бастаған. Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесінің өкілі Андрей Лысенконың айтуынша, Горловка азат етілсе Донецкіге тікелей жол ашылады.

Украина армиясы бұдан өзге Луганскіні қоршауға және қалалық әуежай аумағының бір бөлігін бақылауға алуға тырысып жатыр. Донецк, Шахтерск және Тореза қалаларында да ұрыс жүріп жатыр. Сепаратистер Саур-Могила ауданында қарсы шабуыл жасауға тырысып жатқаны туралы жазады Тымчук.

Украина әскерилерінің арнайы операция штабы Алчевск және Иловайск селоларын қоршау аяқталғанын хабарлады. Әскерилер сепаратистер жолдарды, су құбырларын, әлеуметтік нысандарды миналап жатқанын айтады. Донецк мен Луганск қалалары гуманитарлық қана емес, экологиялық апат жағдайында да тұр.

XS
SM
MD
LG