Accessibility links

Назарбаев Путин және Лукашенкомен сөйлесті


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев ортада), Ресей президенті Владимир Путин (оң жақта) және Беларусь президенті Александр Лукашенко. Астана, мамыр 2014 жыл.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев ортада), Ресей президенті Владимир Путин (оң жақта) және Беларусь президенті Александр Лукашенко. Астана, мамыр 2014 жыл.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей президенті Владимир Путин кезекті рет телефон арқылы сөйлесті деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Президенттер Украинадағы ахуалды және осы елдегі дағдарыстан шығудың ықтимал жолдарын талқылаған.

Назарбаев бұған қоса Беларусь президенті Александр Лукашенкомен де телефон арқылы сөйлесіп, өзара мүдделестік тудыратын мәселелерді сөз еткен.

Мұның алдында Қазақстан президенті Финляндия президенті Саули Ниинистемен де телефон арқылы сөйлесіп, Украинадағы жағдайды талқылаған.

XS
SM
MD
LG