Accessibility links

"Қазатомпромның" бұрынғы басшыларының үкімі жарияланды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Өскемен қалалық №2 соты "Қазатомпром" компаниясының бұрынғы атқарушы директоры Валерий Шевелев пен "Қазатомпром-Демеу" кәсіпорны директорының орынбасары Серік Абдіразақовқа қатысты істе шешім шығарды.

Шығыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз хатшысы Айжан Слямбекованың Азаттыққа айтуынша, сот үкімі 8 тамызда шыққан. Сот шешімі бойынша, 1.3 миллиард теңге жымқырды деген күдікке ілінген Шевелев пен Әбдіразақов қылмыстық кодекстің "аса ірі көлемде қаржы жымқыру" айыбы бойынша кінәсіз деп танылып, ақталған. Бірақ сот оларды қылмыстық кодекстің "Ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен жасалған операциялар туралы мәліметтер мен ақпаратты заңсыз жария ету немесе өзгедей заңсыз пайдалану" бабы бойынша айыпты деп тауып, екі жылға бас бостандығын шектеген.

Осы іс бойынша сотқа тартылған "Сырдария-жоба құрылыс" кәсіпорнының диреткоры Розмат Әлібеков "алдау немесе сенімге қиянат жасау жолымен мүліктік зиян келтіру" айыбы бойынша кінәлі деп танылып, екі жылға бас бостандығы шектелген. Шевелев пен Әбдіразақов және Әлібеков қылмыстық кодекстің 62-бабы бойынша ("жаза мерзімдерін есептеу және жазаны есепке алу") сот шешімімен қамаудан босатылған.

Қаржы полициясы биыл сәуір айының басында Валерий Шевелев пен Серік Әбдіразақовтың 1.3 миллиард теңгені жымқырды деген күдікпен тұтқындалғанын хабарлаған болатын.

XS
SM
MD
LG