Accessibility links

Ирак әскері Тикритте содырларға шабуыл бастады


Ирак әскерилері ұлттық туларын ұстап тұр. Мосул, 19 тамыз 2014 жыл.
Ирак әскерилері ұлттық туларын ұстап тұр. Мосул, 19 тамыз 2014 жыл.

Ирак әскерилері "Ислам мемлекеті" ұйымы содырларының бекіністеріне шабуыл бастағанын мәлімдеді. Үкімет әскері Саддам Хусейн туған Тикрит қаласындағы маңызды нысандарды алған. Мемлекеттік ақпарат құралдары әскер Тикрит басшылығының кеңсесін "Ислам мемлекеті" содырларынан шабуылмен қайтарып алғанын хабарлады.

Кейбір ақпараттар бойынша, армия жергілікті тайпалардың қолдауымен қалалық аурухана мен бірнеше университетті қайтарған.

Бағдадтан 140 километр қашықтықтағы Тикрит қаласын содырлар маусым айында басып алған еді. Өткен айда үкімет әскері исламшылдарды қаладан ығыстырып шығара алмаған.

АҚШ президенті Барак Обама Ирак пен күрд әскерінің 18 тамыз күні Мосулдағы бөгетті қайтарып алғанын жиһадшылармен күрестегі «үлкен ілгерілеу» деп атады.

Америкалық әскери-әуе күштері осы айдың басында содырлар бекіністеріне әуеден соққы бере бастаған. Қазір "Ислам мемлекетінің" содырлары Ирак пен Сирияда үлкен аумақты бақылауда ұстап отыр.

XS
SM
MD
LG