Accessibility links

Донецк қаласы тағы да атқыланды


Донецк қаласы, Украина. 20 тамыз 2014 жыл.
Донецк қаласы, Украина. 20 тамыз 2014 жыл.

Украинаның Донецк қаласы қайтадан минометтен атқыланды. France Press агенттігі снарядтар қаланың орталық ауданына, оның ішінде "Шахтер" футбол клубы ойнайтын стадионға түскені туралы хабарлады. Бұл стадионда 2012 жылы Еуропа чемпионатының матчтары өткен еді.

"Интерфакс" агенттігінің ресейшіл сепаратистердің баспасөз орталығына сілтеме жасап хабарлауынша, Донецкінің өзге де аудандары атқыланған. Атыстан 9 адам қаза тауып, 13 адам жараланған. Бұған дейін тамыздың 20-сына қараған түні ұрыстарда 34 адам мерт болғаны хабарланған еді.

Украина әскери қолбасшылығы өкілі Андрей Лысенконың айтуынша, Луганск облысында сепаратистер бір орындық "СУ-25" жойғыш ұшағын атып түсірген.

XS
SM
MD
LG