Accessibility links

Ресейде MsDonald''s дәмханалары жабылды


Мәскеудегі MsDonald''s дәмханасы. (Көрнекі сурет)
Мәскеудегі MsDonald''s дәмханасы. (Көрнекі сурет)

Мәскеуде америкалық McDonald's жедел тамақтану желісінің төрт мейрамханасы жабылды. "Роспотребнадзор" мекемесінің мәлімдеуінше, олардан "бірнеше санитарлық нормаларды бұзылғандығы анықталған". Бірақ мекеме бұл шара "Вашингтонның Украинадағы дағдарысқа байланысты Ресейге салған санкцияларына жауап шарасы ма?" деген сұраққа жауап беруден бас тартқан.

McDonald''s фирмасының Иллинойс штатындағы бас кеңсесінің хабарлауынша, компания Ресейдегі мейрамханалар жұмысын қайта жандандыру шараларын қарастырып жатыр.

Ресейде алғашқы McDonald''s мейрамханасы 1990 жылы Мәскеудегі Пушкин алаңында ашылған. Компания әлемде клиенттер ең көп баратын мейрамханасы осы екенін айтады.

XS
SM
MD
LG