Accessibility links

Украина Ресейдің гуманитарлық жүгін тексереді


Украинамен шекараға жақын маңда тұрған гуманитарлық жүк тиеген ресейлік көліктер. Ростов облысы, Ресей, 20 тамыз 2014 жыл.
Украинамен шекараға жақын маңда тұрған гуманитарлық жүк тиеген ресейлік көліктер. Ростов облысы, Ресей, 20 тамыз 2014 жыл.

Украиналық шекарашылар бүгін, 21 тамыз күні Ресейден жіберілген гуманитарлық жүк тиелген көліктерді тексере бастайды. Ресейдің 260 "КАМАЗ" жүк көлігінің төртеуі 20 тамыз күні Украинамен шекарадағы кедендік өткізу бекетіне жақындаған.

Украина ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесінің өкілі Андрей Лысенко бұған дейін Ресей жағы гуманитарлық жүкке қатысты қажетті құжаттарды жібермегендіктен көліктерді тексере алмай жатқанын айтқан.

Ресейлік гуманитарлық жүктің шекарада тұрғанына бір аптаға жуықтаған. Украина жағы оны елдің шығысындағы ресейшіл сепаратистерге көмек ретінде жіберілуі мүмкін деп қауіптенеді. Бірақ Мәскеу көліктерде Украинаның шығысындағы қақтығыстардан зардап шеккен азаматтарға ғана арналған гуманитарлық жүк бар дейді.

Халықаралық Қызыл Крест комитетінің өкілдері гуманитарлық жүкті жеткізу үшін 20 тамызда Украинаның шығысына барды.

XS
SM
MD
LG