Қытайдың Нанкин қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер олимпиадасында қазақстандық ауыр атлет Жасұлан Қалиев 77 килограмм салмақта қола жүлдеге ие болды. Ол қоссайыс бойынша 310 килограмм (жұлқа көтеруде - 139 кг, серпе көтеруде - 171 кг) салмақ көтерді.
Алтын жүлдені армениялық Накоб Мкртчян (319 кг), күмісті үндістандық Рахул Рагала (316 кг) иеленді.
Бұл - Қазақстанның Нанкиндегі екінші медалі. Осыған дейін дзюдодан Бауыржан Жауынтаев алтын медаль жеңіп алған. Жасөспірімдер олимпиадасы 28 тамызда аяқталады.