Accessibility links

АҚШ дәрігерлері Эбола вирусынан сауықты


Эбола вирусынан сауыққан америкалық дәрігер Кевин Брэнтли баспасөз жиыны кезінде. Атланта, 21 тамыз 2014 жыл.
Эбола вирусынан сауыққан америкалық дәрігер Кевин Брэнтли баспасөз жиыны кезінде. Атланта, 21 тамыз 2014 жыл.

Либерияда Эбола вирусын жұқтырып, АҚШ-қа эвакуацияланған америкалық медбике Нэнси Райтбол мен дәрігер Кевин Брэнтли Джорджия штатында ауруханадан емделіп шықты. Дәрігерлер науқастар бұл қауіпті індеттен толық айықты деген тұжырым жасаған.

Райтбол мен Брэнтли қайырымдылық қорының тапсырмасы бойынша Либерияда Эбола вирусынан зардап шеккен жергілікті тұрғындарға көмектесіп жүргенде қауіпті вирусті өздері де жұқтырған. Осы айдың басында олар арнайы жабдықталған ұшақпен АҚШ-қа жеткізіліп, Атлантадағы Эмори университеті ауруханасының инфекциялық бөлімінде интенсивті емдеу курсынан өткен. Емдеу кезінде науқастарға калифорниялық фармацевтикалық компания жасап шығарған ZMapp препараты берілген.

Дәрігерлер екі науқас та вирустан толықтай айыққан және олардан басқаларға жұғу қаупі жоқ деп мәлімдеді.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегінше, Батыс Африкада Эбола вирусын екі жарым мыңға жуық адам жұқтырған. Оның кемінде бір мың үш жүзге жуығы қайтыс болған.

XS
SM
MD
LG