Жексенбіге қараған түні Чилидің орталық аудандарында 6,6 магнитудалы жер сілкінісі тіркелгені туралы АҚШ геологиялық қызметі хабарлады.
Оның мәліметтері бойынша, жер сілкінісінің эпицентрі Асьенда-Ла-Калера қаласынан солтүстік-батысқа қарай 18 километр жерде, 32 километр тереңдікте орналасқан.
Адам қазасы мен ғимараттардың қирағаны туралы ақпарат түспеген. Цунами қауіп-қатері бары туралы дабыл болған жоқ. Бірақ, жер сілкінісі кесірінен елдің кейбір аймақтарында мобильдік телефон байланысы мен электр қуатынан ажырап қалған. Сантьяго қаласында 100 мыңдай адам жарықсыз отырғаны айтылады.