Accessibility links

Астанада аштық жариялағандардың бірі ауруханаға түсті


Аштық акциясына қатысушы Бәтима Берсанова (арбада отыр) мен наразы тұрғындардың өкілі Ольга Рубахова. Астана, 23 тамыз 2014 жыл. Сурет Б.Берсанованың туыстарынан алынды.
Аштық акциясына қатысушы Бәтима Берсанова (арбада отыр) мен наразы тұрғындардың өкілі Ольга Рубахова. Астана, 23 тамыз 2014 жыл. Сурет Б.Берсанованың туыстарынан алынды.

Астанада жері «мемлекетке қажет» деп танылған үйлерін сүруге қарсылық білдіріп аштық акциясын жариялап жатқан әйелдердің бірі Бәтима Берсанова денсаулық жағдайы нашарлап, сенбі күні кешке ауруханаға жатқызылған. Аштық жариялаған әйелдердің өкілі Ольга Рубахова есінен танып қалған Берсанованы ауруханаға өздері жеткізгендерін айтты.

– Жағдайы ауыр күйінде қаладағы 2-ауруханаға апардық. Оның организмі әлсіреп, басы ауыра берді, аяқ-қолы ұйып, салмағы азайған. Денсаулығына қауіп төнген соң Бәтима аштық акциясын тоқтатты, - деді Ольга Рубахова.

Азаттық тілшісі Бәтима Берсанованың денсаулық жағдайын білу үшін 2-аурухана дәрігерлеріне телефон шалған еді, бірақ телефон тұтқасын ешкім көтермеді.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қабылдауын талап етіп, 6 тамызда аштық акциясын бастаған бес әйелге 22 тамыз күні наразылық шарасын «нәр татпай» жалғастыруды, яғни құр су ішуден де бас тартуды ұйғарған. Сол күні олардың қатарына тағы бір әйел қосылған болатын.

Билік бұл әйелдердің отбасылары тұрып келген үйлер заңды негізде сүріліп жатқанын, оларға «құнына сай» өтемақы ұсынылғанын айтады.

XS
SM
MD
LG