Accessibility links

Донецкіде украиналық тұтқындарды шерумен жүргізді


Украинаның тәуелсіздігі күні сепаратистер Донецк көшелерімен жүргізген украиналық әскери тұтқындар. 24 тамыз 2014 жыл.
Украинаның тәуелсіздігі күні сепаратистер Донецк көшелерімен жүргізген украиналық әскери тұтқындар. 24 тамыз 2014 жыл.

24 тамыз күні Киевте Украинаның тәуелсіздігіне 23 жыл толуына арналған салтанатты шараға жауап ретінде Донецкіде ресейшіл сепаратистер қала көшелерімен тұтқынға түскен украиналық әскерилерді шерумен жүргізді.

Оқиғаға куә болған журналистердің хабарлауынша, тұтқындар шеруін бақылап тұрған көпшілік арасынан оларға қарата "Фашистер!" деп айқайлаған дауыстар естілген. Басын төмен салып көшемен жүріп өткен тұтқындарға қоқыс пен шөлмектер лақтырған.

Human Rights Watch халықаралық құқық қорғау ұйымы директорының орынбасары Рейчел Денбер Twitter-дегі парақшасында Донецкідегі сепаратистердің ісі "тұтқындарды қорлап-кемсіту" екенін айтып, бұл Женева конвенциясын бұзу деп мәлімдеген.

24 тамыз күні Киевте тәуелсіздік күніне орай әскери парад өткен. Оған 25 мыңнан аса әскери қызметшілер мен курсанттар, ондаған әскери техника қатысқан. Парадта Украина президенті Петр Порошенко 2015-2017 жылдары билік армияны қайта жарақтандыруға үш миллиард АҚШ долларына жуық қаржы жұмсайтынын айтқан.

XS
SM
MD
LG