Accessibility links

Керри: Сирияда АҚШ журналисі босатылды


АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри.
АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри.

АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри Сирияда "Әл-Қаидамен" байланысы бар исламшыл топтың тұтқынында отырған америкалық журналист Питер Тео Кертисті босатқанын растады.

Сирия президенті Башар Асад әскеріне қарсы соғысып жатқан топ журналисті Катар билігінің арағайындығымен босатқан.

Бұдан бірнеше күн бұрын интернетте америкалық журналист Джеймс Фоулидің шектен асқан қатыгездікпен өлтірілгені туралы видеожазба тараған болатын.

Ұлыбританияның АҚШ-тағы елшісі Питер Вестмакотт британ билігі Джеймс Фоулиді өлтірген адамды табу үшін дауысты танитын ең соңғы технологияны пайдаланатынын мәлімдеді. Кейбір ақпараттар бойынша, видеожазбада бет-жүзін маскамен тұмшалап, қолына пышақ ұстаған адам ағылшын тілінде, лондондық акцентпен сөйлеген.

XS
SM
MD
LG