Қытайдың Ішкі Моңғолия аймағындағы Чжужихе полигонында Шанхай ынтымақтастығы ұйымына (ШЫҰ) кіретін елдердің "Бейбіт миссия-2014" деп аталатын бірлескен антитеррорлық жаттығулары өтіп жатыр.
24 тамыз күні басталған жаттығуға Қазақстан, Қырғызстан, Қытай, Ресей және Тәжікстаннан 7 мыңға жуық әскери қызметкер қатысып жатқаны хабарланды. Жаттығуларға түрлі әскери бөлімдер, авиация, әуе шабуылынан қорғаныс күштері тартылған.
ШЫҰ аясында мұндай ауқымды антитеррорлық жаттығу бірінші рет өткізіліп отыр. Жаттығу 29 тамызға дейін жалғасады.