Accessibility links

Конгода Эбола вирусынан екі адам көз жұмды


Дәрігерлер Эбола вирусынан қайтыс болған адамның денесін әкетіп барады. Либерия, 6 тамыз 2014 жыл.
Дәрігерлер Эбола вирусынан қайтыс болған адамның денесін әкетіп барады. Либерия, 6 тамыз 2014 жыл.

Конгода аса қауіпті Эбола вирусын жұқтырған алғашқы екі адам қайтыс болды. Гвинея, Либерия және Сьерра-Леонеде бұл вирус жаппай таралғалы одан көз жұмған адам 1400-ден асқан.

Нигерияда да Эбола вирусын жұқтырған бес адам қайтыс болды.

Сьерра-Леонеде Эбола вирусын жұқтырған алғашқы ұлыбританиялық азамат, дәрігер 24 тамыз күні Лондонға эвакуацияланған. Оны Лондонда арнайы оқшауланған орында емдемек.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДСҰ) өзінің бір қызметкері Сьерра-Леонеде қауіпті індет жұқтырғанын растады. Ол осы елдегі арнайы ауруханаға жатқызылған. ДСҰ оны эвакуациялау мүмкіншіліктерін қарастырып жатыр.

XS
SM
MD
LG