Accessibility links

Ресей: Экономика тоқырау мен құлдыраудың арасында


Ресейдің экономикалық даму министрі Алексей Улюкаев.
Ресейдің экономикалық даму министрі Алексей Улюкаев.

Ресей экономикасы қазір "тоқырау мен құлдырау" арасындағы тепе-теңдікті ұстап тұр деп жазады осы елдің экономикалық даму министрі Алексей Улюкаев "Ведомости" газетінде шыққан мақаласында.

"Қазір сұраныстың аздығы экономиканың тұрақты дамуына үлкен кедергі келтіріп тұр. Мұндай жағдайда мемлекеттік шығындардың төмендеуі экономикадағы теріс тенденцияларды күшейте түседі" деген Улюкаев.

Министрдің сөзінше, Ресей экономикасында 2012 жылдан бері байқала бастаған тоқырау (стагнация) "әлемдік қолайсыз конъюуктурадан, тіпті геосаяси жағдайлардан да емес, ең алдымен Ресей экономикасының өзінің әлсіздігінен" туындап отыр.

Экономикалық даму министрі бюджетті баланста ұстау үшін салықты көбейту туралы айтылған ұсыныстарға қарсылық білдіріп, оны қазір мемлекет үшін "ең қажетсіз сценарий" деп атаған.

XS
SM
MD
LG