Accessibility links

"Ислам мемлекеті" Сирияда әскери базаны басып алды


Сирияда жүрген "Ислам мемлекеті" ұйымының қарулы адамдары. (Көрнекі сурет).
Сирияда жүрген "Ислам мемлекеті" ұйымының қарулы адамдары. (Көрнекі сурет).

Сирияның солтүстік-шығысындағы Ракка провинциясында үкімет әскерімен бірнеше күнгі ұрыстан соң "Ислам мемлекеті" ұйымының содырлары әуе базасын басып алды. Syrian Observatory for Human Rights ұйымының хабарлауынша, 19 тамыздан бергі ұрыста "Ислам мемлекетінің" 346 содыры мен 170-тен астам үкімет сарбазы қаза тапқан.

Ұрыс болып жатқан аймақтардан ақпарат жинайтын жергілікті ұйым әуе базасында 24 тамыз күні екі жақ арасында кескілескен ұрыс болғанын айтады. Раккадағы база - Сирия үкімет әскерінің осы аймақта бақылауда ұстаған соңғы әскери кешен болатын.

Сирия мен Ирактың біраз бөлігін бақылауда ұстайтын "Ислам мемлекеті" ұйымы ислам халифатын орнатуды көксейді.

XS
SM
MD
LG