Украина шекара қызметі ел территориясына Азов теңізіне жақын Ресей жағынан "ондаған бронды техника мен танк колоннасы басып кіргенін" хабарлады.
Украина қауіпсіздік қызметінің өкілі Леонид Матюхинге сілтеме жасаған France Press агенттігінің хабарлауынша, "сепаратистер колоннасы" Донецк облысындағы Мариуполь қаласына жақын аумақтағы шекараны кесіп өткен.
"Шекара әскері колоннаны тоқтатты. Қазір ұрыс жүріп жатыр" дейді Матрюхин.
Кейбір ақпараттарға қарағанда, ұрыс елдің оңтүстік-шығысындағы Азов теңізі қасындағы Новоазовск қаласына жақын тұста, Ресей шекарасынан 10 километрдей қашықтықта жүріп жатыр.
26 тамызда Минскіде Украина президенті Петр Порошенко мен Ресей президенті Владимир Путин кездеседі деп жоспарланып отыр. Минскідегі жиынға Кеден Одағына мүше Қазақстан мен Беларусь президенттері, Еуропа Одағының өкілдері де қатыспақ.