Палестина билігі 25 тамыз күні "Израиль әскери әуе күштерінің Газа секторына жасаған шабуылынан мешітте, тұрғын үйлер мен шекара бекетінде 10 адам қаза тапты" деп мәлімдеді. Reuters агенттігінің хабарлауынша, Газадағы ең биік нысандардың бірі - 13 қабатты ғимаратқа төрт зымыран атылған. Онда кеңселер мен пәтерлер орналасқан. Шабуылдан 20 адам жараланған.
19 тамыз күні атысты тоқтату туралы бітім аяқталды. Содан бері Газа секторында құрбан болған адамдар көбейді. Бітім аяқталғалы Израиль территориясына жүздеген зымыран атылған.
ХАМАС пен Израиль арасындағы қарулы қақтығыс 8 шілде күні басталған еді. Содан бері әскери операциялардан 2 мың 100-ден астам адам мерт болды. Израиль жағынан 68 адам қаза тапқан.