Accessibility links

Тұтқын Байғамамбетовтің денесі көгергені хабарланды


Кедендік бақылау комитетінің бұрынғы төрағасы Серік Баймағамбетов сот залында. Астана, 19 қыркүйек 2012 жыл.
Кедендік бақылау комитетінің бұрынғы төрағасы Серік Баймағамбетов сот залында. Астана, 19 қыркүйек 2012 жыл.

Кедендік бақылау комитетінің бұрынғы төрағасы, Қарағанды облысындағы АК 159/6 қатаң режимдегі колонияда жазасын өтеп жатқан Серік Баймағамбетов соққыға жығылды деп хабарлады облыстық прокуратураға сілтеме жасаған ақпарат агенттіктері.

Қарағанды облыстық прокуратурасының арнайы прокурорлар басқармасының ақпаратында Серік Баймағамбетовтің денесіне жарақат түсіп, көгергені айтылған. Бұл жайт бойынша қылмыстық кодекстің 307-бабымен ("қызмет өкілетін теріс мақсатта пайдалану") іс қозғалған. Қазір колония қызметкерлері Баймағамбетовтің соққыға жығылуына байланысты түсінік беріп жатыр.

2013 жылы қаңтардың 8-і күні Астана қалалық мамандандырылған ауданаралық соты Серік Баймағамбетовті «аса ірі көлемде пара алғаны үшін айыпты» деп танып, 10 жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарған. Сот оған тағылған «қызметтік өкілетін теріс мақсатта пайдаланды» деген айыпты алып тастаған.

Серік Баймағамбетов кедендік бақылау комитетін 2011 жылдың мамырынан 2012 жылдың ақпанына дейін басқарған. Оған дейін Қазақстан ішкі істер министрі болған.

XS
SM
MD
LG