Accessibility links

Балуан Евгений Поливадов Нанкинде қола медаль алды


Балуан Евгений Поливадовтың қола жүлдесі
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:10 0:00

ВИДЕО: Қазақстандық Евгений Поливадов грек-рим күресінен қола жүлдеге ие болды. Нанкин, Қытай, 25 тамыз 2014 жыл.

Қытайдың Нанкин қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер олимпиадасында қазақстандық балуан Евгений Поливадов грек-рим күресінен қола жүлдегер атанды. Бұл туралы Нанкиннен Азаттық тілшісі хабарлады.

Дүйсенбі күні 69 келі салмақта үшінші орын үшін өткен белдесуде ол германиялық спортшы Каран Мосевахты жеңіп шықты.

Қазірге дейін бір алтын, үш қола жүлде алған Қазақстан құрамасы Нанкин олимпиадасында жалпы есепте әзірше 41-орында тұр.

Нанкиндегі жасөспірімдер олимпиадасы 28 тамыз күні аяқталады.

XS
SM
MD
LG