Accessibility links

Оңтүстік Суданда БҰҰ тікұшағы апатқа ұшырады


Оңтүстік Судан картасы. (Көрнекі сурет).
Оңтүстік Судан картасы. (Көрнекі сурет).

Оңтүстік Суданда БҰҰ-ның жүк таситын тікұшағы құлап, ресейлік үш экипаж мүшесі қаза тапты.

БҰҰ-ның Оңтүстік Судандағы өкілдігінің хабарлауынша, Ми-8 тікұшағы 26 тамызда мұнай өндіретін Юнити штатының орталығы Бентиу қаласынан 10 километр қашықтықта құлаған. Экипаждың төртінші мүшесі апаттан тірі қалған.

Ресейдің Судандағы елшілігі тікұшақ экипажындағы төрт адамның ресейлік екенін растады. БҰҰ тікұшақты Ресейдің "ЮТэйр" әуе компаниясынан жүк тасымалдау үшін жалға алған.

"ЮТэйр" алдын-ала ақпараттарға сүйеніп, тікұшақ бұдан бірнеше ай бұрын азаматтық соғыс ошағы болған аймақ үстінен ұшып бара жатқанда атып түсірілген болуы мүмкін екенін айтады.

XS
SM
MD
LG