Accessibility links

АҚШ: Царнаевтың әпкесіне айып тағылды


Джохар Царнаевтың Rolling Stone журналында жарияланған суреті. АҚШ, тамыз, 2013 жыл.
Джохар Царнаевтың Rolling Stone журналында жарияланған суреті. АҚШ, тамыз, 2013 жыл.

Бостон марафоны кезінде террорлық жарылыс ұйымдастырған деген айыппен АҚШ-та қамауда отырған Джохар Царнаевтың әпкесі Айлина Царнаева 27 тамыз күні Нью-Йоркте ұсталған. Оған «кісі бопсалады» деген айып тағылып отыр деп хабарлайды Boston Globe басылымы.

Нью-Йорк полициясының өкілі Джон Гримпелдің айтуынша, Айлина Царнаеваға айып тағылуына оның өзімен араз әйелге «телефонмен әңгімеде бомба қою туралы қоқан-лоқы көрсеткені» себеп болған. Полиция Царнаеваны ұстап, 3 қыркүйекте Манхэттен сотына шақырту беріп босатқан.

23 жастағы Айлина Царнаева төрт жыл бұрын мейрамханада жалған ақша төлемек болған жерінен ұсталған еді. Екі жарым жыл бұрын өткен алғашқы сот отырысынан соң кейінгі сотқа келмей қойғандықтан, оны қамауға алу туралы санкция шыққан. Былтыр 16 қазан күні өткен тыңдаудан кейін Айлина Царнаева 4 желтоқсанда өтетін сот отырысына дейін кепілсіз босатылған.

Бостондағы жарылыстардан соң Айлина Царнаева ФБР агенттеріне жарылысқа күдікті бауырлары – Джохар және Тамерлан Царнаевтармен «бірнеше жыл бойы араласпағанын» мәлімдеген.

2013 жылы 15 сәуір күні Бостонда марафон кезінде болған екі жарылыстан 3 адам қаза тауып, 173 адам жараланған. Жарылыстан соң негізгі күдіктінің бірі Джохар Царнаев ұсталды, онымен араласқан қазақстандықтар – Диас Қадырбаев пен Азамат Тәжаяқов та тұтқындалған.

XS
SM
MD
LG