Accessibility links

Обама: Басқыншылық Ресейді жаңа шығынға батырады


АҚШ президенті Барак Обама.
АҚШ президенті Барак Обама.

АҚШ президенті Барак Обаманың айтуынша, Ресейдің Украинаға басқыншылығы жалғаса берсе, Мәскеу жаңа шығындарға ұшырайды. Обама "Кремль сепаратистерді дайындап, демеушілік жасап, қаруландырып отыр" дейді. АҚШ президенті Ресейді "Украинаның территориялық тұтастығын бұзып отыр" деп айыптады.

Барак Обама АҚШ пен Батыс елдері Ресейдің бұл әрекеттеріне жауап ретінде санкцияларды күшейтетінін айтты. Ол бұған қоса, келесі айда Украина президенті Петр Порошенконың Вашингтонға баратынын да хабарлады.

Ақ үй басшысының бұл мәлімдемесінен бұрын БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі Украина дағдарысы бойынша төтенше жиын өткізген еді. АҚШ-тың БҰҰ-дағы өкілі Саманта Пауэр Ресей өзінің Украинаға басып кіруіне және сепаратистерге тікелей әскери көмек көрсетіп отырғанына қатысты "өтірік айтуды қысқартуы тиіс" екенін айтты.

Киевтің хабарлауынша, Украинаның оңтүстік-шығысына шекаралық блокпостты зымыраннан атқылағаннан кейін, бұл елдің аумағына Ресейден екі әскери колонна кірген.

XS
SM
MD
LG