Accessibility links

Сириялық топ БҰҰ бітімгерлерін тұтқындады


Сирия мен Израиль шекарасындағы Эль-Кунейтра елді-мекенінде жүрген исламшыл содырлар. 28 тамыз 2014 жыл.
Сирия мен Израиль шекарасындағы Эль-Кунейтра елді-мекенінде жүрген исламшыл содырлар. 28 тамыз 2014 жыл.

28 тамызда Голан жоталарында сириялық көтерілісшілердің бір тобы БҰҰ-ның бітімгершілік күштерінен 43 адамды тұтқынға алды деп хабарлайды БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мунның кеңсесі. Бірақ бітімгершілік күштерін нақты қай топтың ұстағаны айтылмайды.

"Әл-Қаида" ұйымымен байланысы бар "Әл-Нусра майданы" тобы 27 тамызда Сирия мен Израильдің шекаралас тұсындағы даулы Эль-Кунейтра елді-мекенін басып алған. Шекараның бұл аймағындағы "бөлініс сызығында" екі ел әскері қарауылдап жүретін. Соңғы күндері содырлар мен Сирия армиясының кескілескен шайқасы жүріп жатқан бұл ауданда бітімгершілік күштерінің сексеннен астам мүшесі қоршауға тсүіп қалған.

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі арнайы мәлімдемесінде бітімгершілік күштерінің тұтқындалуын айыптап, оған "қарулы террористік құрылым мүшелері" кінәлі деді. АҚШ мемлекеттік департаменті де бітімгершілік күштерінің тұтқынға алынуын айыптады.

Голан жоталарында халықаралық бітімгершілік күштерінің тұтқындалғаны бірінші рет болып отырған жоқ. Мұндай оқиға бұған дейін де наурыз және мамыр айларында екі рет болған. Бірақ тұтқындалғандар кейін босатылған.

Израиль мен Сирия шекраасындағы БҰҰ бітімгершілік контингентінде Үндістан, Непал, Нидерланд, Фиджи және Филиппиннің 1223 сарбазы бар.

XS
SM
MD
LG