Accessibility links

Миланда ЕО сыртқы істер министрлері бейресми кездеседі


29 тамызда Миланда Еуропа Одағы елдерінің сыртқы істер министрлерінің бейресми жиыны өтеді. Жиында Украинаның оңтүстік-шығысындағы жағдайдың шиеленісу жайы талқыланатын басты тақырыптардың бірі болмақ.

Бұған қоса 30 тамызда өтетін ЕО-ның кезектен тыс саммитіне дайындық мәселесі де қарастырылады. Миландағы жиынға ЕО сыртқы саясат жөніндегі жоғарғы комиссары Кэтрин Эштон төрағалық етеді.

Бүгін Украинаның оңтүстік-шығысындағы жағдайдың шиеленісуіне байланысты Брюссельде НАТО-Украина комиссиясының төтенше жиыны да өтеді.

XS
SM
MD
LG