Accessibility links

Киев: Ресей сепаратистерді қолдайтынын дәлелдеді


Украинаның Донецк облысныың Новоазовск қаласында жүрген украин сарбаздары. 27 тамыз 2014 жыл.
Украинаның Донецк облысныың Новоазовск қаласында жүрген украин сарбаздары. 27 тамыз 2014 жыл.

Киев "Ресей президенті Владимир Путиннің Украинаның оңтүстік-шығысындағы сепаратистерді қоршауда қалған украин әскерінің шығып кетуі үшін гуманитарлық дәліз ашуға шақыруы дағдарысқа Мәскеудің қатысы бар екенін дәлелдейді" дейді.

Украина армиясы 29 тамызда таратқан ақпаратта Путиннің "Новороссия жасақтарына үндеуі" "сепаратистердің тікелей Кремльден басқарылатынын көрсетеді деген.

НАТО тамыздың 28-і күні Ресейдің 1 мың сарбазының "Украинада соғысып жатқанын және Ресейдің артиллериялық әскери бөлімдерінің Украинаға кіргенін дәлелдейтін" спутник фотографиялар бар екенін хабарлаған. НАТО штабының генералы Нико Так "Ресейдің астыртын әрекеттері күн өткен сайын айқын көрініп келеді" деп мәлімдеген.

Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавров 29 тамызда Батыс елдерінің Украинада Ресей әскері әрекет етіп жатыр деген айыптарына қатысты "Басқыншылық жасағанымызды бізге ешкім дәлелдеген жоқ" деген.

XS
SM
MD
LG