Accessibility links

БҰҰ Ирактағы "Ислам мемлекетінің" әрекетін тексермек


"Ислам мемлекеті" ұйымының шабуылынан бас сауғалаған ирактық босқындар. Ирак, тамыз 2014 жыл.
"Ислам мемлекеті" ұйымының шабуылынан бас сауғалаған ирактық босқындар. Ирак, тамыз 2014 жыл.

БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі кеңесі Ирак үкіметінің "Ислам мемлекеті" ұйымы содырларының елдің батыс бөлігіндегі бейбіт тұрғындарға қатысты іс-әрекетін тексеру туралы өтінішін мақұлдады.

БҰҰ мүшелері исламшыл содырлардың адамзатқа қарсы қылмыс жасағанын анықтау үшін Иракқа арнайы сарапшылар тобын жіберуді бірауыздан қолдап дауыс берді.

Жоспар бойынша, тексеруге 1.2 миллион АҚШ доллары жұмсалмақ. Сарапшылардың ұйғарымы халықаралық әскери қылмыс трибуналында қолданылуы мүмкін.

БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі комиссарының орынбасары Флавия Пансьеридің айтуынша, егер "Ислам мемлекеті" ұйымы содырларының этникалық және діни азшылықты құрайтын топтардың өкілдерін қырғаны рас болса, онда ол адамзатқа қарсы қылмыс болып саналады. Пансьери тұтқынға түскендерді өлтіру және кейбір хабарлар бойынша Ирак үкіметінің әскері бейбіт тұрғындар тұратын аудандарды атқылауы да әскери қылмыс деп қарастырылуы мүмкін екенін айтады.

XS
SM
MD
LG