АҚШ президенті Барак Обама Шығыс Еуропа елдеріне сапарлап, одан ары 4-5 қыркүйекте Уэльсте өтетін НАТО саммитіне қатысу үшін Ұлыбританияға барады. Обама бүгін кешке Эстонияға сапарлайды.
3 қыркүйекте Барак Обама Эстония президенті Томас Хендрик Ильвеспен және басқа да эстон билігінің өкілдерімен кездеседі. Сол күні кешке қарай ол Латвия және Литва президенттерімен де кездеседі.
Уэльстегі НАТО саммиті 4-5 кыркүйекте өтеді.
Барак Обама Балтық бойы елдеріне Ресей мен батыс елдерінің шиеленісі асқынған жағдайда сапарлап отыр. АҚШ пен оның Еуропадағы одақтастары "Кремль Украинаның оңтүстік-шығысында соғысып жатқан сепаратистерді қолдап отыр" деп Ресейге санкциялар салған.