Accessibility links

Донецк әуежайы маңында ұрыс жалғасты


Донецк әуежайы. Украина, 2 қыркүйек 2014 жыл.
Донецк әуежайы. Украина, 2 қыркүйек 2014 жыл.

Донецк әуежайы маңында ұрыс қайта жалғасты. Хабарларға қарағанда, сәрсенбіге қараған түні өзін-өзі жариялаған "Донецк халық республикасы" (ДХР) позициясы тарапынан әуежайға қарата зымырандар атылған.

ДХР өкілдерінің хабарлауынша, сепаратистер қазір украин әскері ұстап тұрған әуежайға шабуыл жасауға дайындалып жатыр. "Әуежай біз үшін де, қарсылас жақ үшін де стратегиялық маңызы бар нысан" дейді сепаратистердің өкілдері.

Олардың бағалауынша, әуежайда ауқымды жерасты коммуникациялық жүйесі болғандықтан алдағы шабуыл күрделі болмақ. Сепаратистер украин жағы әуежайдың бұл ерекшелігін пайдаланатынын айтып, шабуылға мұқият дайындалған.

Әуежай мамыр айының басынан бері украин күштерінің қолында.

Бұған дейін Украина ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесінің баспасөз хатшысы Андрей Лысенко украин әскері Донецк әуежайын бақылауды жалғастыра беретінін хабарлаған. Оның айтуынша, украин әскері Луганск әуежайын тастап кеткен соң сепаратистер ондағы ұшу-қону алаңдарын жарып, пайдалануға жарамайтындай етіп істен шығарған.

XS
SM
MD
LG