Accessibility links

Белсенділер президентке хат жолдады


Президентке талап
please wait
Embed

No media source currently available

0:00 0:01:29 0:00
Жүктеп алу

ВИДЕО: Астанада бір топ белсенді Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа жазылған хатты жолдауға Ақордаға барды. 3 қыркүйек 2014 жыл.

Бүгін Астанада бір топ белсенді Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа энергетика министрі Владимир Школьникті қызметінен босатуды талап етіп, хат жолдады.

Азаттық тілшісінің хабарлауынша, хат авторлары Назарбаевтан Қазақстанда атом электр станциясын салуға мораторий жариялауды, Байқоңыр ғарыш айлағынан гептил отынын пайдаланатын «Протон» зымырандарын ұшыруды тоқтатуды, «басқа мемлекеттерді Қазақстанның ішкі ісіне араластырмауды» және «өзге мемлекеттің мүддесіне жұмыс істейтін адамдарды басшылық қызметке қоймауды» талап еткен.

Арасында «Антигептил» қозғалысының мүшелері бар оннан аса адам президенттің атына жазылған хатты Ақорда алдындағы хатқа арналған жәшікке салған соң тараған.

XS
SM
MD
LG