Accessibility links

Сенат Ұлыбритания жүгінің транзиті жайлы келісімді бекітті


Қазақстан парламенті сенатының ғимараты. (Көрнекі сурет)
Қазақстан парламенті сенатының ғимараты. (Көрнекі сурет)

Парламент сенаты бүгін Қазақстан мен Ұлыбритания біріккен корольдігі және Солтүстік Ирландия үкіметтері арасындағы Қазақстан территориясы арқылы Ауғанстаннан жүк және арнайы жүктерді тасымалдау туралы келісімді ратификациялады.

Келісім Ауғанстанды тұрақтандыру және қалпына келтіру ісіне қатысып жатқан Ұлыбритания мен Солтүстік Ирландияның жүктерін бұл елден шығарып әкету үшін жасалған.

Бұл құжат бойынша, Ұлыбритания жағы жүктерді тасымалдау кезінде Қазақстан заңдарын сақтауға және Қазақстанның ішкі ісіне араласпауға міндетті.

XS
SM
MD
LG