Accessibility links

Ташкентте "Ислам мемлекеті" туын ілгендерді іздеп жатыр


Ташкенттегі көпірде ілініп тұрған "Ислам мемлекеті" ұйымының туы.
Ташкенттегі көпірде ілініп тұрған "Ислам мемлекеті" ұйымының туы.

Өзбекстан полициясы Ташкенттегі көпірлердің біріне "Ислам мемлекеті" радикалды ұйымының туын кім тігіп кеткенін анықтау үшін ондаған адамды тергеуге алды.

Азаттықтың Өзбек қызметінің хабарлауынша, Ташкенттің Юнусабад ауданындағы көпірде тудың ілінгені бірнеше дереккөзінен расталған. "ИМ" туы Өзбекстанның тәуелсіздігі күні қарсаңында – 28 тамызда түні бойы ілулі тұрған.

Полиция туды тек 29 тамыз күні таңертең ғана алып тастап, тексеру бастаған. Тергелгендердің арасында аула сыпырушылар, жақын маңдағы базар саудагерлері, такси жүргізушілері, діни мектепте оқитын қыздар бар.

Қазіргі кезде Сирия мен Ирак территориясында әрекет етіп жатқан "Ислам мемлекеті" радикалды ұйымының қатарында этникалық өзбектер де бар. Таяуда Азаттықтың Өзбек қызметіне "Ислам мемлекеті" Өзбекстанның "әмірін" таңдағаны туралы ақпарат түскен.

XS
SM
MD
LG