Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің бұрынғы төрағасы Мұрат Оспановты қамауға алу мерзімі 1 қазанға дейін ұзартылды деп хабарлайды жергілікті ақпарат агенттіктері.
Мемлекеттік қызмет істері және коррупциямен күрес жөніндегі агенттіктің ақпаратына қарағанда, Астананың Алматы аудандық №2 соты 26 тамызда Оспановтың қамауға алу мерзімін ұзарту туралы шешім шығарған.
Мұрат Оспанов "монополиске көмек және қамқорлық жасағаны үшін 300 мың АҚШ доллары көлемінде пара алды" деген айып тағылып, 3 шілдеде 1 қыркүйекке дейін қамауға алынған еді.