Accessibility links

Донбаста атыс тоқтайтыны хабарланды


Украина президент Петр Порошенко. Ұлыбритания, 4 қыркүйек 2014 жыл.
Украина президент Петр Порошенко. Ұлыбритания, 4 қыркүйек 2014 жыл.

Украина президент Петр Порошенко Донбаста 5 қыркүйек күні сағат 18.00-ден бастап атысты тоқтатуға бұйрық беретінін хабарлады. Бұл мәлімдеме оның сайтында жарияланған.

Бұған дейін Минскіде өткен кездесу барысында Украина билігі мен елдің шығысындағы сепаратистер басшылары жұма күні жергілікті уақыт 18 сағаттан бастап Донбаста атысты тоқтатуға келіскені хабарланған еді. Келіссөздерге қатысқан ЕҚЫҰ өкілі 12 пунктен тұратын протоколға қол қойылғанын мәлімдеген.

Беларусь астанасы Минскідегі кездесуге Украинаның бұрынғы президенті Леонид Кучма, Ресейдің Украиндағы елшісі Михаил Зурабов, ЕҚЫҰ-ның арнайы өкілі Хайди Тальявини, өздерін өзі жариялаған Донецк және Луганск республикалары басшылары Александр Захарченко, Андрей Пургин және Игорь Плотницкий қатысқан.

XS
SM
MD
LG